Танымал боксшы Төрехан Сабырхан ел ішіндегі жарыстарға Атырау облысының емес, туған қаласы Шымкенттің атынан қатыса беретінін мәлімдеді. Бұл туралы боксшы Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Ассалаумағалейкум қазақ елі! Мен ары қарай да Шымкенттік намысын қорғаймын!
Иә, осыған дейін Атырау облысына ауысамын деп хабарлаған ем. Ол жаққа мені Бауыржан Кәрімов ағам шақырған. Жақында ол кісі Шымкент бокс федерациясының вице-президенті қызметіне келді.
Жаңа қызметіне келе салысымен біз кездесіп, әңгімелестік. Оның қорытындысы бойынша мен Шымкентте қала беретін болдым.
Бұған дейін айтқанымдай, мен тек ішкі біріншілікте жеке бір өңірдің намысын қорғаймын. Ал шет елге шыққанда Қазақстанның көк туын көтеремін.
Қолдау білдіріп отырған барлығыңызға рақмет. Ел намысын абыроймен қорғау үшін тынбай еңбектенемін!" — дейді Төрехан Сабырхан.