Қазақстан қор биржасындағы бүгінгі сауда-саттық нәтижесі бойынша доллар бағамы 508,5 теңгені құрады.
Баға өткен аптамен салыстырғанда 1,66 теңгеге төмендеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазақстандағы айырбастау пунктерінде валюталар орта есеппен келесідей бағамен сатылып жатыр:
- Доллар: сатып алу – 509-509,5 теңге; сату – 510,5-511 теңге;
- Еуро: сатып алу – 580-582 теңге; сату – 584-585 теңге;
- Рубль: сатып алу – 6,28-6,35 теңге; сату – 6,41-6,43 теңге.
ICE биржасындағы Brent маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстерінің бағасы бір баррельге 66,7 долларды құрайды.