Current Date: 09-06-2025

Алматыда тауар толы қоймалар отқа оранды

Алматыда Кожедуба көшесінде орналасқан қоймалардан өрт шықты. Өрт сөндірушілер оқиға орнына аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметі атап өткендей, автоцистерна 60 метр қашықтықтағы өрт гидрантына қосылды.

"Судың үздіксіз жеткізілуі қамтамасыз етілді. Гараж ішіндегі тауарлар жанып жатыр. Зардап шеккендер жоқ", делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматыда екі қабатты коттедж түгі қалмай өртеніп кеткені хабарланған болатын.