Сондай-ақ, Теона, Наоми, Айви, Эллая, Ай-Ашин сынды ерекше есімдер де кездеседі.
Алматыда биыл ұл балаға ең жиі қойылған есім Мұхаммед болса, қыздардың ата-анасы Сафияны жиі таңдайды. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалының хабарламасынан белгілі болды.
Ұлдар арасындағы ең жиі қойылатын есімдер Мұхаммед, Алан және Әмір болса, қыздар арасында Сафия, Мәриям және Адия аса танымал.
"Жаңа туған нәрестелердің арасында Әлихан, Әмір, Айсұлтан, Хамза, Айлин, Асылым, Медина, Аяла сынды есімдер жиі қойылады. Сондай-ақ, Алматы қаласында дүниеге келген балалардың ішінде Теона, Наоми, Айви, Эллая, Ай-Ашин сынды ерекше есімдер де бар", – делінген хабарламада.
Алматы қаласы АХАТ басқармасының дерегінше, жыл басынан бері Алматы қаласында 16 501 бала дүниеге келген. Оның ішінде 8500 ұл бала және 7974 қыз бала.
Оқи отырыңыз:
- Баланың есімі мен тегін өзгерту үшін не істеу керек? Түсіндіреміз
- "Әлихан, Мәдина, Айлин". Қазақстанда ең көп қойылатын есімдер қандай?