Current Date: 11-06-2025

Лондонда АҚШ пен Қытай келіссөзінің бірінші күні өтті

Лондонда әлемнің екі алпауыт экономикасы – АҚШ пен Қытай арасында келіссөздің екінші кезеңінің бірінші күні өтті, деп хабарлайды 24kz.

Алғашқы кездесу 6,5 сағатқа созылды. Әңгіме тарифтер, сирек металдар мен озық технологияларға экспорт шектеулерін алу турасында өрбіді.

Қытай тарапын осы елдің вице-премьері Хэ Лифэн бастап барды. Ал америкалық делегация құрамында АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент, сауда министрі Говард Лютник пен сауда өкілі Джеймисон Грир бар. «Блумбергтің» хабарлауынша, кеше Лондонда басталған келіссөздер бүгін де жалғасады.