Current Date: 11-06-2025

Абылайхан Жүсіпов өзбек боксшысының қабағын жарып, чемпион атанды

Нидерландыда бокстан өтіп жатқан халықаралық турнирде Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль түсті. Бұл жолы жерлесіміз Абылайхан Жүсіпов чемпион атанды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Көпшілік 70 келідегі қазақстандық Абылайхан Жүсіпов пен өзбекстандық Асадхужа Муйдинхужаев кездесуін тағатсыздана күткен еді. Себебі, екеуі де тәжірибелі боксшылар. Оның үстіне Муйдинхужаев Париждегі Олимпиада ойындарында топ жарған, әрі әлем чемпионы атағы тағы бар.

Кездесу бірінші раундтан кейін аяқталды. Жекпе-жек барысында өзбек боксшысының қабағы жарылып кетіп, ол кездесуді жалғастыра алған жоқ. Осы оқиғаға дейін ұпай санымен Жүсіпов жеңіп тұрғандықтан, жеңіс соған берілді.