Current Date: 11-06-2025

Абай облысында 42 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

104 жер учаскесі ұзақ уақыт бойы саналы мақсатқа сай пайдаланылмаған.

Абай облысының прокуратурасы 42 мың гектар пайдаланылмаған жер учаскелерін мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.

Абай облысы прокуратурасының мәліметінше, тексеру барысында бірқатар жерпайдаланушылардың заң талаптарын бұза отырып, 104 жер учаскесін ұзақ уақыт бойыны саналы мақсатына сай пайдаланбағаны анықталған.

"Прокуратураның шаралары нәтижесінде жалпы ауданы 42 мың гектар және кадастрлық құны 516 миллион теңге болатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды", – делінген хабарламада.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатқаны айтылды.


Оқи отырыңыз: "Денем бөртіп, ауруханаға түстім". Абай облысында тұрғындар қоңызға шағымданды