2-6 маусым аралығында елімізде республикалық "Қару" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Нәтижесінде: заңсыз айналымнан 400 қару, сонымен қатар 2,5 мыңнан астам оқ-дәрі және алты жарылғыш зат алынды; 40 қару қоймасы анықталды; қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару және полицияның арнайы жабдықтары тәркіленді, оның ішінде екі Калашников автоматы, төрт тапанша, төрт мылтық, қызметтік бронежилеттер, каскалар мен щиттар бар; азаматтар тарапынан 87 қару өз еркімен тапсырылды.
29 мыңнан астам азаматтық қару тексеріліп, 845 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері 10 мыңнан астам шаруа қожалықтарын тексеріп, әртүрлі 65 қару тәркіледі", — деді ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығы Қанат Нұрмағамбетов.