Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Ақтауда үлескерлердің қаражатын жымқыру фактісі бойынша айыптау үкімі шықты

Ақтауда үлескерлердің қаражатын жымқыру фактісі бойынша айыптау үкімі шықты

Ақтауда үлескерлердің қаражатын жымқыру фактісі бойынша айыптау үкімі шықты, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті жүргізген тергеп-тексеру барысында Корниенко Н.Н. ешқандай өкілеттігі болмаса да, өзін “СК 2032” тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басшысы ретінде көрсетіп, “МИЗАМ” көпқабатты тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сатуға қатысты 9 келісімшарт жасағаны анықталды.

Осылайша ол азаматтардың 70 миллион теңге көлеміндегі қаражатын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Сот санкциясымен күдіктінің жалпы құны 200 млн теңге болатын 8 мың шаршы метр жер теліміне тыйым салынды.

Сот үкімімен Корниенко Н.Н. 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мүлікке салынған тыйым жәбірленушілердің азаматтық талаптарын өтеу үшін пайдаланылатын болды.