Current Date: 14-03-2025

Ердоған Түркияда жоспарланбаған үйге кіріп ауыз ашты

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен елдің бірінші ханымы Эмине Ердоған жергілікті тұрғынның үйінде қонақ болып , ауызашарға қатысқан, деп жазады TRT Haber басылымы.

Құрметті меймандарға түркиялық отбасы Мұрат пен Алиме ақ дастархан жайып, қонақ еткен.

Эмине Ердоған бұл отбасына алғыс айтып, жазба арнады.

"Оларға алғыс айтамыз. Жайған үстелі әрқашан молшылыққа толы болсын", – делінген Эмина Ердоғанның жазбасында.