2025 жылғы 10 маусымда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басшысы Ербол Бекмұхамбетов елдегі онкологиялық аурулардың көбею себептерін атады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ербол Бекмұхамбетовтің айтуынша, Қазақстанда қазіргі таңда 236 мыңнан астам адам онкологтардың есебінде тұр және бұл көрсеткіш жыл сайын өсуде.
"Жыл сайын 41 мыңнан астам адамға "қатерлі ісік" диагнозы қойылады. Онкологиямен ауыратын адамдардың саны жыл сайын 5-6%-ға артып отыр. Бұл – жаһандық үрдіс. Себептердің бірі – ұлттың қартаюы, сонымен қатар басқа да факторлар бар: төмен физикалық белсенділік, дұрыс тамақтанбау, генетикалық бейімділік", – деді ол.
Сонымен қатар ол соңғы 10 жылда онкологиядан болатын өлім-жітімнің 33%-ға төмендегенін атап өтті.
Бұған дейін Алматы тауларында турист әйелдің аяғынан жарақат алғанын жазғанбыз.