Автобус апатынан аяқсыз қалған қыз балаға әлі мүгедектік берілмепті.
Сондықтан жәрдемақы да тағайындалмаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Еңбек министрлігі балаға қарастырылатын көмек сомасын да атай алмады. Өйткені мүгедектіктің қай тобына жатары әлі анық емес көрінеді. Айта кетсем, елімізде ерекше жандарға сырқатының деңгейіне қарай 55 мыңнан 101 мың теңгеге дейінгі ай сайынғы жәрдемақы төленеді. Ал күтушілерге 74 мың теңге қарастырылған.