Current Date: 12-06-2025

Оралда жедел жәрдем жеңіл көлікпен соқтығысып, 4 адам жарақат алды

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Жарақат алып, аурухана түскендердің біреуі 13 жастағы қыз бала, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Облыстық Полиция департаментінің дерегінше, жедел жәрдем жүргізушісі бағдаршамның жүруге тыйым салынған белгісіне жүріп кетіп, жеңіл көлікке соқтығысқан. Салдарынан көліктегі жолаушы зардап шегіп, жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Ал жедел жәрдем көлігіндегі 28 жастағы науқас әйел мен екі фельдшер қалалық және облыстық көпбейінді ауруханаға түсті.