Current Date: 12-06-2025

Қытайда ЖИ қызметі бүгін қайта іске қосылады

Себебі, елде гаокао басталып, уақытша тоқтатылған болатын .

Қытайда бірыңғай ұлттық емтихан басталуына байланысты елдегі жасанды интеллект жүйелері мектеп оқушыларына көмек көрсетуді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Qwen, Doubao және Kimi атты танымал нейрожелілер 7 маусымнан бастап қолданушылар жіберген фото арқылы тапсырмаларды танымайды және сұрақтарға жауап берген жоқ.

Олардың жауабы бірдей болды: "Кешіріңіз, бұл – әділетсіз. Бұл функция 7-10 маусым аралығында қолжетімсіз".

Мұндай шектеу білім саласындағы әділдікті сақтау мақсатында енгізілген.

Айта кетейік, гаокао – Қытайдағы ең маңызды және күрделі ұлттық емтихан, оның нәтижесі бойынша оқушылар жоғары оқу орындарына түседі. Бұл шешімді елдің интернет қауымдастығы екіжақты қабылдады: бір тарап оны адалдыққа бағытталған қадам деп бағаласа, екіншісі жасанды интеллектке тым қатты сенім артып кеткен білім жүйесін сынға алды.