Current Date: 12-06-2025

Қазақстанға ҚХР төрағасы Си Цзиньпин келеді

Мәртебелі қонақ елордаға 16-17 маусым күндері сапарлайды .

Келесі аптаның басында Астанаға Қытай Халық Республикасының nөрағасы Си Цзиньпин келеді, деп хабарлайды Ақорда.

Ақорданың мәліметінше, сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өтеді.

"16-17 маусым күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин келеді. Сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері талқыланады", – делінген хабарламада.

Сапар аясында Астанада «Орталық Азия–Қытай» саммиті өтеді.


Оқи отырыңыз: Қытайдың Zowoyoo платформасы Қазақстанда өз кеңсесін ашты