Құжатты парламенттің бір топ депутаты әзірледі .
Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты амнистия туралы" заңды қабылдады
Заң жобасында азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне айтарлықтай қатер төндірмейтін қылмыстар жасағаны үшін сотталғандарды босату, атап айтқанда:
- қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар жасағандарды,
- залал келтіруге алып келмеген немесе оны толық өтеген ауырлығы орташа қылмыстар жасаған адамдарды,
- залалдың немесе азаматтық талап қоюдың бар-жоғына қарамастан, ауырлығы орташа қылмыс жасаған әлеуметтік жағынан осал адамдарды босату ескерілген.
Екіншіден, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдар осы заң жобасы қолданысқа енгізілгенге дейін жасаған қылмыстар туралы қылмыстық істерді, оның ішінде соттарда қаралмаған қылмыстық істерді тоқтату қарастырылған.
Үшіншіден, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жазаның өтелмеген мерзімін қысқарту көзделген.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына орай сотталғандарға рақымшылық жасалады. Тізімге кім ілігеді
Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның айтуынша, амнистияға 6 мың түзеу мекемесінде отырған сотталған және пробация қызметінің есебінде тұрған 9 мың адам ілігіп отыр.
"Жалпы 15 мың адам қамтылады. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен шамамен 632 адам, пробация қызметінің есебінде тұрған 3,5 мың сотталған, яғни барлығы 4,1 мың адам бостандыққа шығады. Қалған 11 мың адамға жаза мерзімін дифференциалды қысқарту шарасы қолданылады. Заң жобасы 833 әйелге де қатысты болады: олардың ішінде 109-ы босатылады, 724-іне жаза мерзімі қысқартылады", – деді Абзал Құспан мәжілістің жалпы отырысында.