Current Date: 13-06-2025

573 АВТОБУС 160 млн теңгеге сатылды

Алматыда тозығы жеткен автобустар 160 млн теңгеге сатылды. Аукционға барлығы 573 қоғамдық көлік шығарылған. Бастапқы бағасы 93 млн теңге деп көрсетілген. Электрондық сауда алаңындағы деректерге сәйкес, ескі автобустар 160 млн теңгеге сатылған. Енді олар темір-терсек ретінде пайдалануға ғана жарамды. Сауда-саттық жеңімпазы қоғамдық көліктерді 60 күн ішінде алып кетуі тиіс.

Қуан Нұрақын