Current Date: 15-03-2025

Алматы әуежайындағы оқиға: Тоқаев қылмыскердің қаруын тартып алған азаматты наградаға ұсынуды тапсырды

Алматы әуежайындағы оқиға: Тоқаев қылмыскердің қаруын тартып алған азаматты наградаға ұсынуды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайы жөнінде хабардар.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

Президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды.