Халықаралық шара 19-22 мамыр аралығында Жетісу облысының Алакөл ауданына қарасты Лепсі ауылында ұйымдастырылады.
Іс-шара аясында Канада, АҚШ, Ұлыбритания, Чехия, Эстония, Румыния, Франция, Қытай, Уругвай, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Түркия және БАӘ елдерінен келген өкілдердің қатысуымен халықаралық сиез болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Онда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, "Қазақстан ет одағының", "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ның, Жетісу облысы әкімдігінің өкілдері, Республикалық етті тұқымды мал палаталарының өкілдері мен халықаралық сарапшылар баяндама жасайды.
Сондай-ақ, "LEPSI 2025" халықаралық көрмесінің ашылуында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, "ZHERSU" корпорациясының төрағасы Бауыржан Оспанов, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин сөз сөйлеп, Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай еңбеккерлерді марапаттайды деп жоспарланып отыр.
Көрме аясында өтетін негізгі іс-шаралар:
- "Еділбай" асыл тұқымды қой көрмесі;
- Асыл тұқымды ірі қара, жылқы, түйе көрмелері;
- Ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарының көрмесі;
- Ұсақ мал тұқымдары арасында "Абсолютті чемпион 2025" атағына конкурс;
- Ірі қара тұқымдары арасында "Тұқым чемпионы 2025" атағына конкурс;
- Ірі қара тұқымдары арасында "Абсолютті чемпион 2025" атағына финалдық конкурс.