Current Date: 14-03-2025

Президент Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайы жөнінде хабардар

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайы жөнінде хабардар.

"Президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды", — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы әуежайында ер адам әуежай қызметкеріне пышақ кезеп, кепілге алғанын жазған болатынбыз.