Шымкенттегі жекеменшік балабақша тәрбиешісінің көмекшісі балаларды кезек-кезек ұрған видеосы әлеуметтік желіде тарады. Қалалық полиция департаменті тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын, қазір оның қамауда екенін нақтылайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бірінші болып "Ай көркем" балабақшасына баратынын балалардың ата-аналары дабыл қаққан. Олар балаларының денесінен көгерген іздерді байқап, мекеме басшылығынан бейнебақылау камерасын көрсетуді талап еткен. Сол кезде аталған факт әшкереле болды. Балабақша меңгерушісі Нұргүл Мамашарипова балабақша қызметкерінің балаларға қол көтергенін растады. Оның сөзінше, балабақшаның ішкі бұйрығына сай тәрбиешінің көмекшісі жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Otyrar.kz.
"Мұндай тәртіп пен талаптарды бұзатын қызметкерге біздің ұжымда орын жоқ… Бұл жағдайға қатты өкініш білдіремін. Балабақшамызда баланың қауіпсіздігі мен тәрбиесі басты назарда болады. Барлық ата-аналардан түсіністік танытуын өтінемін. Кешірім сұраймын". Нұргүл Мамашарипова, "Айкөркем" балабақшасының меңгерушісі
Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, ата-аналар баласын балабақшада ұрып-соққаны туралы арыз түсірген. Соған сай қылмыстық іс қозғалған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.
"Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты және объективті тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде. Полициямен бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеріліп, куәгерлерден жауап алынуда". Шымкент қалалық полиция департаменті
Айта кетейік, оқыс оқиға 4 маусымда орын алған.
Ақтаудағы №35 балабақшаның тәрбиешісі үш жастағы балаға қатыгездік көрсетіп, оған зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді. Әкесінің айтуынша, видеоға тәрбиешінің зорлық-зомбылық көрсеткен бірнеше сәті түсіп қалған: басынан ұрған, шымшыған, ұрып-соққан, баланы жалаңаш әжетханаға апарып, қараңғы жерде 20 минут ұстаған.