Мәжіліс депутаты Асылбек Нұралин Астана қаласындағы жұмыс күнінің басталу уақытын сағат 9-дан 7-ге ауыстыруды ұсынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Ашық деректерге сүйенсек, Астанадағы қызметкерлердің 50 пайыздан астамы мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейді. Сондықтан орталық атқарушы органдардың, ұлттық компаниялар мен ведомстволық мекемелердің қызметкерлеріне арналған көлік қозғалысын қайта қарастыру қажет. Осыған байланысты аталған ұйымдардың жұмыс уақытын өзгерту мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз, – деді депутат.
Оның айтуынша, жүргізілген зерттеулер таңертеңгі сағаттарда еңбек өнімділігі әлдеқайда жоғары болатынын көрсеткен.
– Жұмыс күнін сағат 9-дан 7 немесе 8-ге ауыстыру – тиімділікке бағытталған орынды қадам, – деді Асылбек Нұралин.