ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжат шетелдік банктер немесе олардың филиалдарын ашу тәртібіне қойылатын қолданыстағы талаптарды ырықтандыруды көздейді.
Өзгертілуі жоспарланып отырған мәселелер:
- мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында уәкілетті органға ұсынылатын құжаттар тізімін оңтайландыру көзделеді;
- банктің басқару органы мүшелері үшін басшылық лауазымда кемінде бір жыл жұмыс өтілі туралы талап алынып тасталады;
- "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" және "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкестендіру;
Түзетулер қабылданған жағдайда келесі ҚНРДА басқармасының қаулылары күшін жояды:
- 2020 жылғы 30 наурыздағы №29 "Орталықтандырылған қолжетімділігі бар автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйеге арналған банктердің меншікті үй-жайларына қойылатын талаптарды бекіту туралы";
- 2021 жылғы 18 қаңтардағы №1 "Деректерді өңдеу орталығы (сервері) бар, Қазақстан Республикасы резиденті болып табылмайтын банк филиалының меншікті үй-жайына қойылатын талаптарды белгілеу туралы".
Құжат Қазақстан Республикасының "Қаржы нарығын дамыту, қаржы қызметтері тұтынушыларының құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық реттеуді алып тастау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңын іске асыру шеңберінде әзірленген, деп хабарлады ҚНРДА.
Жоба "Ашық НҚА" порталында 24 маусымға дейін көпшілік талқылауына шығарылған.