Current Date: 13-06-2025

Шерзаттың әкесі Қаржаубай қылмыскерлер берген өтемақыны балалар үйіне беретін болды

Марқұм Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов қылмыскерлер берген өтемақыны балалар үйіне беруге ниетті.

Бұл туралы Қаржаубай Нұрымовтың заңгері Мейірман Шекеев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, Қаржаубай әу бастан қандай да бір қаржылай өтемақыға қызықпаған.

"Қаржаубай адал азамат. Маған келгенде "менің Шерзатымды қараламаса болды" деді. Бұл қылмыскерлердің түрмеде отыратынына күмәнім бар, бірақ менің баламды қараламасыншы, менің аманым сол деді. Қаржаубай ақша жинады, "сбор" ашты деген әңгіме шықты. Оның бәрі шындыққа жанаспайды", – деді адвокат.

Қаржаубай сотталушылардан бір тиын да алғысы келмеген, тек қорғаушылар заңды түсіндірген соң өтемақы сұраған.

"Азаматтық талап қойған кезде бірден бас тартты. Содан кейін мен шартты жазаға шығып кетпеу үшін өтемақы талап ету керек екенін түсіндіргеннен кейін ғана солай істеді. Оның өзінде ақша түсетін болса, оны балалар үйіне аударамын деді", – дейді адвокат.