Сәкен Майғазиевтің ұлының тойында ерекше образбен көзге түскен Азамат Сатыбалдыны көпшілік танымай қалды.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
”Жыл тойы” атанған Сәкен Майғазиевтің ұлының тойында 14 жүргізуші болған. Жүргізушілер қатарынан көрінген актёр Азамат Сатыбалды жаңа образымен көпшілікті таң қалдырды.
Желі қолданушылары өнер иесін танымай қалғандарын жарыса жазуда.
”Мынау Азамат па, не болып кеткен, масқара”, “Орыс әншісі Шурадан аумай қалыпты”, “Дым жараспайды әйелі қайда қарады”, “Осылай еліктеуді қашан қоямыз”, — деп жазды олар.

