Current Date: 14-03-2025

Экономиканы ырықтандыру қадамы

Елде жалпы құны 918 млрд теңгені құрайтын 392 мемлекеттік меншік және квазимемлекеттік сектор нысаны бәсекелестік ортаға берілді.

Бұл туралы экономиканы ырықтандыру және жекешелендіру мәселелері аясында өткен кеңесте айтылды. Жиында жекешелендірудің 2021–2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру барысы қаралып, жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыру шаралары талқыланды. Жекешелендіру үдерісін жетілдіру шеңберінде кепілдік жарналарды қамтамасыз ету үшін «электронды әмиянды» енгізу, сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер беру мерзімін ұлғайту, сондай-ақ қосымша ресурстар бойынша нысандарды сату қағидаларына өзгерістер енгізілді. Кеңес қорытындысы бойынша Олжас Бектенов экономиканы ырықтандыру мен салаларды кеңейту жұмыстарын жандандыруды тапсырды.