Бағалар АҚШ-тың энергетикалық ақпарат әкімшілігінің деректерімен қосымша расталды.
Сәрсенбіде Иранның Қорғаныс министрі АҚШ-пен қақтығыс болған жағдайда Тегеран Таяу Шығыстағы америкалық базалардың барлығына соққы беретінін мәлімдеді. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының ресми мәлімдемесінде жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленістің күшеюі жағдайында "қара алтынның" бағасы барреліне 69,8 долларға дейін (+4,3%) көтерілді. Сәрсенбі күні АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Пентагон Таяу Шығыстың бірнеше аймағында жағдайдың нашарлауына байланысты қызметкерлердің қысқартылғаны туралы хабарлады.
Ал, Иран қорғаныс министрі Азиз Насирзаде ядролық келіссөздер сәтсіз аяқталып, Вашингтонмен қақтығыс туындаса, Тегеран аймақтағы америкалық базаларға соққы береді деп мәлімдеді. Бұған дейін Дональд Трамп тараптар ядролық бағдарлама бойынша жаңа келісімге келмесе қиындықтар туындайтынын айтып, Иранға сес көрсеткен.
Бағалар АҚШ-тың энергетикалық ақпарат әкімшілігінің (EIA) деректерімен қосымша расталды.
Есепке сәйкес, коммерциялық мұнай қоры 6 маусымда аяқталған аптада 3,6 миллион баррельге төмендеді. Бұл WSJ сауалнамасына қатысқан сарапшылардың болжамынан айтарлықтай асып түсті. Олар небәрі 1,6 миллион баррель төмендейді деп болжам жасаған болатын.