Current Date: 13-06-2025

Үндістандағы ұшақ апатынан кейін Boeing акциялары құлдырады

Бұл туралы Reuters жазды.

Үндістанда Boeing 787 Dreamliner ұшағының апатынан кейін Boeing акциялары құлдырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

12 маусым күні Air India әуе компаниясының Boeing 787 Dreamliner ұшағы Үндістанның Ахмадабад қаласындағы халықаралық әуежайдан ұшып шыққаннан кейін бірнеше минут ішінде апатқа ұшырады.

Бұл оқиғадан кейін Boeing компаниясының акциялары Нью-Йорк сауда биржасында (NYSE) алдын ала сауда кезінде шамамен 8%-ға төмендеп, 196,75 доллар деңгейінде саудаланды.

Бұл әлемдегі ең қауіпсіз және технологиялық модельдердің бірі ретінде танылған Boeing 787 Dreamliner ұшағымен байланысты адамдар шығыны бар алғашқы апат.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, апаттан соң адамдар аман қалмады.

"Ұшақ биіктікке әрең көтерілді. Қысқа аралықта ұшқан кезде ірі жарылыс болды дегенге ешқандай дәлел жоқ. Алайда апаттың себебі туралы айтуға әлі ерте. Бұл қара жәшіктегі мәліметтерден белгілі болады", – деді авиациялық кеңесші Эндрю Чарлтон.

Айта кету керек, бұған дейін Үндістанда ішінде 242 адамы бар жолаушылар ұшағы құлағанын хабарлаған едік.