Current Date: 13-06-2025

Мемлекет басшысы Ресей Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді осы елдің мемлекеттік мерекесі — Ресей күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

— Елдеріміздің арасындағы достық және тату көршілік қатынастардың деңгейі жоғары. Бұл стратегиялық серіктестік және одақтастық рухына толықтай сай келеді, — делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің елінің өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.