Current Date: 13-06-2025

30-дан астам ата-ананы балабақшаға орын алып беремін деп алдаған

Жергілікті тұрғын баласын балабақшаға орналастыруға үміттенген ондаған ата-ананы алдап, олардың ақшасын иемденген, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Ол өз құрбандарын 2ГИС мобильді қосымшасындағы "Пікірлер" бөлімінен тапқан, онда ата-аналар балаларын мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдауға көмектесу туралы өтініштерін қалдырған. Осындай хабарламаларды көріп, ол ата-аналармен байланысқа шығып, өзін "делдал" ретінде таныстырып, сыйақы үшін "Indigo24.kz" жүйесі арқылы балабақшаға орналастыруға көмектесетінін айтқан.

Қаражатты алған соң, жасырынған.

30-дан астам алаяқтық фактісі анықталып, келтірілген жалпы шығын 1 млн теңгеден асқаны белгілі болды.

Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді.

Сотта әйел өз кінәсін мойындап, өкінетінін білдірді және жәбірленушілерге келтірілген шығындарды жартылай қайтарды, қалған шығын одан өндірілді. Жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сот оған 4 жыл мерзімге пробациялық бақылаумен бостандықты шектеу жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.

Прокуратура — жеке деректерді ашық дереккөздерде, әсіресе пікірлерде жариялау айтарлықтай қауіп тудыру мүмкіндігі жөнінде ескертеді. Мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі бейтаныс адамдардың ұсыныстарына сенбеңіздер.

Барлық мемлекеттік қызметтер, соның ішінде балабақшаға кезекке тұру — тек ресми цифрлық платформалар арқылы жүзеге асырылады.