Current Date: 13-06-2025

Reuters: Үндістандағы апаттан 290 адам қаза тапқан

Соңғы мәлімет бойынша Үндістандағы ұшақ апатынан 290 адам опат болды.

Мұны Рейтер агенттігі хабарлады. Ахмедабад қаласынан Лондонға бет алған "Боинг-787" әуе көлігі жерден көкке көтеріле алмай, бірер секунд ішінде медициналық колледж жатақханасының үстіне құлаған. Салдарынан 5 студент қаза тапты. Ресми деректерге қарағанда ұшақ бортында 242 адам болған. Жергілікті полицияның дерегі бойынша тек бір жолаушы тірі қалған. Апатқа ұшақтың құстармен соқтығысуы себеп болуы мүмкін деген болжам бар. Қазір құтқарушылар үйінділер астынан адамдардың денесін шығарып жатыр. Жергілікті әуежай жұмысын уақытша тоқтатты. Ұшақ тиесілі "Эйр Индиа" әуе компаниясы апаттың мән-жайын анықтап жатқанын мәлімдеді.