Чехияның Нове-Место қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезеңі басталды. Алғашқы күні ерлер арасында 10 шақырымдық спринт жарысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы жарысқа төрт спортшыны қосты. Ең үздік нәтиже көрсеткен Владислав Киреев 64-орынмен мәреге жетті.
Әсет Дүйсенов 78-орын, Вадим Куралес 87-орын, ал Кирилл Бауэр 91-орын алды.
Жарыста жеңіске француз Эмильен Жаклен жетті. Күміс жүлдені Италия спортшысы Томассо Джакомель иеленсе, қола жүлде норвегиялық Йоханнес Бёге бұйырды.