Current Date: 14-06-2025

2025 жылдың басынан бері 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

19 қаржы пирамидасына қатысты 46 сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Қаржылық мониторинг агенттігі жыл басынан бері жалған инвестициялық жобалар туралы ақпарат таратқан 7 мыңнан астам интернет-сайт бұғатталғанын хабарлады.

Сонымен қатар 2025 жылдың басынан бері жалпы аудиториясы 276 мың адамды құраған Instagram және Telegram желілеріндегі 43 заңсыз чат жабылды.

"86 мыңнан астам азаматты тартқан 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды. Сонымен қатар 19 қаржы пирамидасына қатысты 46 сотқа дейінгі тергеу аяқталды және 12,5 миллиард теңге сомасына мүлікке тыйым салу арқылы келтірілген шығынды өтеу қамтамасыз етілді", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: 300 миллион теңге салым: Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасының жұмысы тоқтады


Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылдан бері 100-ден астам қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылған.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырған 227 азамат нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды.