Әуе кемелері Иран мен Ирактың әуесінен айналып ұшатын болды.
Бұл туралы Air Astana мен Fly Arystan компаниялары хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Иран мен Ирак әуе кеңістігін жапқан соң Air Astana мен FlyArystan компанияларының кейбір тұрақты және жеке рейстерін өзгертті. Қос компанияның баспасөз қызметі жолаушыларға алдын ала хабар таратып отыр.
"Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Мединаға қатынайтын рейстер Иран мен Ирак әуе кеңістігін айналып ұшады", – деп хабарлады Fly Arysran әуе компаниясы.
Бұл ретте олар осы өзгерістерге байланысты кейбір рейстердің кестесі де өзгеретінін ескертті.
Айта кетейік, бүгін Иран мен Израиль арасындағы ахуал ушықты. Осыған байланысты Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі барлық Қазақстан азаматына қауіпсіздік шараларын сақтап, елшілікпен байланыста болуын сұрайды. Ол үшін ондағы Қазақстан азаматтарына жедел желі телефон нөмірлерін жариялады.