Медицина қызметкерлеріне күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Polisia.kz баспасөз қызметінен.
Оқиға 12 маусым күні Қарағанды облыстық балалар ауруханасында орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, 38 жастағы облыс тұрғыны сөзге келіспеушілік барысында екі дәрігерге дене жарақатын салған.
Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүзеге асырылуда.
Заң мен тәртіп" қағидатын жүзеге асыру аясында заңсыз әрекеттер үшін жазаның бұлтартпастығы қатаң түрде қамтамасыз етіледі. Әсіресе медицина қызметкерлеріне қатысты күш қолдану әрекеті — қоғамдық тәртіптің өрескел бұзылуы ретінде бағаланып, жол берілмейтін жағдай болып табылады.