Current Date: 14-06-2025

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағына циклондардың жылжуы тоқтамай отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алдағы күндері солтүстік-батыс бағытынан жаңа циклон жылжи бастайды, соның әсерінен еліміздің кей өңірінде найзағай ойнап, күн жауын-шашынды болады.

15–16 маусымда Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының жекелеген аудандарында нөсер жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ ауа температурасы төмендейді.

Ал елдің оңтүстік жартысы Иран аумағынан келіп жатқан жылы ауа массаларының ықпалында қалып, жоғары ауа температурасы сақталады.