Current Date: 14-06-2025

Ауадан алынатын бензин

АҚШ-тағы «Air Company» компаниясы көмірқышқыл газын сұйық отынға айналдыратын «Airmade» атты шағын құрылғыны жасап шығарды.

Шағын мұздатқыштың көлеміндей ғана аппарат күн, жел энергиясын пайдаланып, ауа мен судан күніне 1 литрге дейін синтетикалық бензин өндіре алады. Бұл отын кәдімгі жанармаймен бірдей, қозғалтқышта еш өзгеріссіз жұмыс істейді. Ең қызығы, оны жаққанда бөлінетін газ, құрылғының өзіне сіңеді. Яғни табиғатқа зиян келмейді.