Current Date: 15-06-2025

«Оқиға орнында көз жұмды»: Алматы облысында жедел жәрдем жаяу жүргіншіні қағып кетті (ВИДЕО)

Алматы облысында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жол апаты Алматы-Өскемен тас жолында болған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы облысының полиция департаменті ақпаратты растады. Полицияның мәліметінше, оқиға 11 маусым күні болған.

"Алматы — Өскемен тас жолының 75-шақырымында Hyundai H350 жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткені анықталды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде", – делінген полиция хабарламасында.