Елімізде маусымның əр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бүгінде еліміздің денсаулық сақтау саласында 380 мыңға жуық адам жұмыс істейді.
Президенттің тапсырмасымен былтырдан бастап "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" атағы беріле бастады.
Бұл – медицина қызметкерлеріне деген айрықша құрметтің белгісі.