Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайы жөнінде хабардар. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды», — деп жазды ол.
Айта кетейік, бүгін Алматы әуежайында 67 жастағы ер адам инспектор әйелді кепілге алып, пышақпен қорқытқан.