Иран ядролық қарудан бас тарту туралы келісімге келуге дайын. Бұл туралы осы елдің сыртқы істер министрі Аббас Аракчи мәлімдеді. Оның айтуынша, Тегеран ядролық қаруды шектейтін кез келген бастамаға дайын. «Бірақ бұл қадам Иранды заңды ядролық құқығынан айыруды көздейтін болса, бұл құптарлық іс емес», – дейді министр.
Сондай-ақ ол Тель-Авив текетіресті тоқтатса, Тегеранның да атысқа нүкте қоятынын айтты. Бірақ Израиль бұған қатысты ешқандай келісімге келуге дайын емес. Сол себепті Аракчи халықаралық ұйымдарға жүгініп, Израильдің бұл әрекетіне қарсы шара қолдануды сұрады. «Өйткені екі ел арасында бейбітшілік орнатудың ең тиімді жолы осы», – дейді ол. Бүгін түнде тараптар зымыран қолданып, тағы да атысты күшейтті. Салдарынан Тегеран мен Хайфте стратегиялық нысандар бүлінді.