Қызылорда облыстық прокуратурасының бастамасымен инвесторларды қолдау және бизнесті қорғау мақсатында "Инвестициялық керуен" акциясы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Қызылорда облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Акция аясында облыс прокуроры Ризабек Ожаров "Aksa Energy Kyzylorda" ЖШС-нің жылу электр станциясының құрылысымен танысып, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі жоба инвесторларымен кездесті.
Шараға облыс әкімінің орынбасары, "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдері қатысты.
Акцияның мақсаты — инвесторлармен кездесу, заңнама талаптарын түсіндіру, проблемалық мәселелерді анықтау және оларды шешуге бағытталған жұмыстарды жүзеге асыру.
Облыс прокуроры Ризабек Кәрімұлы атап өткендей, прокуратура органдары ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетуде.
Осыған орай бүгінгі шараны "Aksa Energy Kyzylorda" ЖШС-нің жылу электр станциясының құрылыс алаңында бастауды жөн көрді.
Сонымен қатар, биыл қаңтар айынан бастап, заңнамалық түзетулер күшіне енгенін, бұл мемлекеттік органдардың прокурордың келісімінсіз инвесторды тексеруге, әкімшілік жауаптылыққа тарту, оның қызметін тоқтатуға және басқа да шектеулер енгізуге құқығы жоқ екендігін түсіндірді.
Бұл мемлекеттік органдардың прокурордың келісімінсіз инвесторды тексеруге, әкімшілік жауаптылыққа тарту, оның қызметін тоқтатуға, лицензияларды қайтарып алуға және басқа да шектеулер енгізуге құқығы жоқ дегенді білдіреді.
Прокуратура органдары инвестициялық жобаларды сүйемелдеп, олардың қорғалуын қамтамасыз етіп келеді.
Мәселен, 2024 жылы жалпы 742 млрд теңгені құрайтын 24 инвесторға прокуратура органдарымен көмек көрсетілгенін атап өтті.
Өз кезегінде "Марал-Нұр" ЖШС-нің өкілі облыс прокуратурасына мемлекеттік органның шектеулер мен кедергілерді жоюына ықпал еткені үшін алғысын білдірді.