Current Date: 16-06-2025

Астанада Тұран даңғылының бір бөлігі қайта ашылды

Астанада Тұран даңғылының Сарайшық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі аралығындағы орташа жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы толық қалпына келтірілді және екі бағытта да қайта ашылды.

Жөндеу жұмыстары 10-15 маусым аралығында кезең-кезеңмен жүргізілді. Осы уақыт ішінде қозғалыс бірінші әуежайдан қалаға қарай, кейін қаладан әуежайға қарай бір бағытта ұйымдастырылған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін 2023 жылы Тұлпар көпірінен Сарайшық көшесіне дейінгі, ал 2024 жылы Керей-Жәнібек хандар көшесінен Жұлдыз айналымына дейінгі аралықта жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.