Зардап шеккендер жоқ.
Ақтөбелік құтқарушылар өрттің таралуына жол бермеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Ақтөбедегі Тұрмағанбетов көшесінде алты қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтердің балконы өртенді.
"Жедел келген өрт сөндіру жасақтары оттың пәтерге және жоғары орналасқан балкондарға таралуына жол бермей, өртті 4 шаршы метр алаңда сөндірді", – делінген ведомоство таратқан хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.