Current Date: 16-06-2025

БҚО-да бокстан жастар арасындағы әлем чемпионы мен Азия чемпионатының күміс жүлдегеріне пәтер берілді (фото)

Орал қаласында бокс спортына үлес қосқан спортшылар мен бапкерлер марапатталды. БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Салтанатты жиынға БҚО бокс федерациясының президенті Бауыржан Каримов, "Ақжайық" спорт клубының директоры Дамир Қалақов, федерацияның президенті Қуаныш Уахасов, бокс жанашырлары мен спортшылар қатысты.

Жиында Азия чемпионатының күміс жүлдегері Даниял Сәбитке, жастар арасындағы әлем чемпионы Өнер Сейілханға, оның жеке бапкері Берік Жарылқасынға, облыс құрамасының аға бапкері Саттар Сұлтанғалиға пәтер кілттері табысталған.

Сондай-ақ Қуаныш Уахасов "ҚР боксын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталған.

Бұдан бөлек, бірқатар клубтың басшылары мен 35 үздік боксшыға арнайы спорттық киімдер табысталған.