Аққағаз Досжанова – Мәскеуде бiлiм алған қазақтың алғашқы дәрiгер қыздарының бiрi.
Аққағаз Досжанованың өмір сүрген ХХ ғасырдың бас кезі дәрігер мамандардың тым тапшы заманы еді. Сондықтан жас дәрігер терапевт, акушер-гинеколог, дерматолог секілді медицинаның бірнеше саласын қатар алып жүрді.
Дәрігерлік біліктілігімен қоса Аққағаз Досжанованың қайраткерлік қасиеті де мықты болған-ды. «Әйел теңдігі», «Абай», «Жас азамат» тәрізді журналдарда жазбалары жарияланып тұрды.
Сондай-ақ, бірінші Дүниежүзілік соғыс пен Азамат соғысы жүз мыңдаған адамның өмірін қиып, мыңдаған бала жетім қалды. Сонда қаһарман қыз жетімдерді балалар үйлеріне орналастырып, оларды емдеумен де айналысты.