Мереке қарсаңында құқық қорғау саласында жұмыс істейтін 510 ару Ішкі істер министрінің марапатына ие болды.
Ведомство басшысы олардың 30-ын Астанаға арнайы шақыртып, 7 қызметкерге мемлекеттік награда тапсырды. Солардың арасында Назым Шәріпова да бар. Нәзік жанды 16 жылдан бері полиция қатарында қызмет етіп келеді. Ол 2023 жылы Астана қаласындағы бассейндердің бірінде суға тұншыққан 4 жастағы баланы өлім аузынан құтқарып қалды. Жалпы ішкі істер саласында 13 мыңнан аса әйел жұмыс істейді. Олардың 659-ы басшылық лауазымда.
Назым Шәріпова, Нұра аудандық ПБ қызметкері:
- Негізі осы салада жұмыс істеу әйел адамға өте қиын. Кейбір кезде бала шағамызды көрмейтін кездер де болады. Осы еңбегімізді бағалап баршамызға осылай мейрам қарсаңында осылай құттықтап министр басшымызға алғысымды айтамын. Осы келген мейрамымыз құтты болсын. Нәзік жандылармыз бақытты болсын. Жүзінен күлкі кетпесін, армандары орындалсын.