Иран мемлекеттік телеарнасының тікелей эфиріндегі жаңалықтар шығарылымы кезінде Израиль соққы жасады. Бұл ақпаратты № растап отыр.
Израиль ирандық мемлекеттік телеарнаның штаб-пәтеріне шабуыл жасады. ИРКК Telegram-арнасындағы ақпаратқа сай, бұл сәт тікелей эфирге түсіп қалған.
ИРКК деректеріне сай, Сахар Эмами тікелей эфир кезінде батылдық танытқан. Кадрлардан жаңалықтар жүргізушісі эфир жүргізіп отырғанын, бір сәтте жарық сөніп, жарылыс болғанын көруге болады.
Кадр артында "Аллаху Акбар" деген дауыстары естіледі.
Кейіннен ИРКК тележүргізуші аман қалғанын, тіпті артынша эфирге қайта оралғанын хабарлады. Телеарна да ақпарат таратуды тоқтатқан жоқ.
Сонымен бірге желіде мемлекеттік арнаның штаб-пәтеріне жасалған соққының видеосы да таралды.
Ал Израильдің Қорғаныс әскері (ЦАХАЛ) елдің қарулы күштері Орталық Иранның әскери нысандарына соққы жасауды жалғастырып жатқанын хабарлады.