Current Date: 17-06-2025

Астана мен Алматы тұрғындарына тағы да ескерту жасалды

Қазгидромет Алматы және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"17 маусымда Өскемен, Алматы қалаларында, түнде Астана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", — деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.

Еске салайық, 16 маусымда да Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасалды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget