Алматы әуежайында белгісіз адам қызметкер әйелді кепілге алып, шу шығарған еді.
Оқиға орнында әйелдің орнына өзі кепіл болып, соңында қаскөйдің пышағын қолынан алып, оны ұстауға көмектескен батыл азамат Бағлан Әбдірайымовтың әкесінің інісі, яғни ағасы, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бағлан Әбдірайымов әлеуметтік желідегі парақшасында ағасының кәсіби спортпен айналысқанын жазды.
«Абдраймов Мұса Сайрамбайұлы. 1973 жылы, Түлкібас ауданы, Күмісбастау ауылында дүниеге келген. 9 баланың кенжесі. Кәсіби спортпен шұғылданған. Қазіргі таңда 5 баласы бар, ардақты әке. Бүгінгі ерлігі рас, ел шулап жатыр. Намысты жігігіттің бәрі сондай батылдық жасар еді. Ешкім батыр боламын, қахарман боламын деп жоспармен жүрмесі анық. Дер кезінде дұрыс шешім қабылдап, өміріңізді тапсыра салғаныңыз ерлік!
Бұлай батыр боларын білгенде таңда бізді шығарып салғанда суретке түсіп алар едік. 9:25 те Қостанайға ұшқанда көргенбіз, аманатын ап кеткенбіз. Мемлекеттік марапатқа да ұсынып үлгеріпті. Бала — шағаның несібісіне таусылмасын. Кез — келген марапатқа лайықтысыз!», — деп жазды әнші.